Малайзиялық инженерлер 16 жастағы балаға роботтандырылған қол құрастырып шығарды. Қолдағы шынтақ пен саусақтардың қызметін қозғалмалы 3D-буындар атқарады. Оны жасап шығарған - Малайзия теңіз институтының қызметкерлері.
Инновациялық қасиетіне қарамастан, роботтандырылған жасанды мүшенің өзіндік құны - 730 АҚШ долларын құрайды, деп жазады computerra.ru.
Өткен жылдары олардың құны он мыңдаған долларға бағаланған.