Жыл бойына «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасы әскери саланың түрлі бағыты туралы тұщымды ақпарат берді. Әскери кафедраға қажетті мамандарды даярлайтын оқу орны, арнайы жорықтарды ұйымдастыру тактикасы, елдің шығысындағы шекараны күзеткен застава жөнінде айтты.
Сондай-ақ, күрең берет үшін күрескен жауынгерлердің қауіпті қызметі, Жоғары Бас қолбасшы сенім артқан Ұлттық Ұлан сардарлары, «Арыстан» әскери лицейі, ҚР ҚК-нің тұңғыш әскери тарихи мұражайының ерекшеліктерімен таныстырды.
Еліміздің Қарулы Күштері 2015 жылды қалай қорытындылайды? Елдің әскери қауіпсіздігі қандай деңгейде? Жетістіктер мен жеңістер қандай? Бүгін 09:00-де «Ақсауыттан» көре аласыздар.