117 жыл бұрын Пьер және Мария Кюри радий элементін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

117 жыл бұрын Пьер және Мария Кюри радий элементін ашты

26.12.2015
117 жыл бұрын Пьер және Мария Кюри радий элементін ашты

Осыдан 117 жыл бұрын франциялық химиктер Пьер және Мария Кюри уран кенінен бөлінген уран қалдықтары таза уранға қарағанда әлдеқайда радиоактивті екенін анықтаған. Екі ғалым бірнеше жылдық тәжірибеден кейін осы қалдықтардан екі өте радиоактивті элемент бөліп алады. Олар: полоний және радий. 

1898 жылы 26 желтоқсанда Францияның ғылым Академиясында Кюри радий элементін ашқаны туралы алғаш рет хабарлайды. Ал, 1902 жылы Кюри мен Андре Дебьерн сынап катодындағы радий хлоридін электролиздеп, кейін оны сутегінде дистилляциялау арқылы таза радий бөліп шығарады. Қазір белгілі болғандай, бұл бөлінген элемент – уран-238 ыдырауынан пайда болған радий-226 изотобы.

Полоний мен радийді ашқан үшін ерлі-зайыпты Кюри Нобель сыйлығын иеленеді.

Радий уран-238 изотобының белсенді ыдырауы кезінде көптеген аралық кезеңдерден өтіп барып түзіледі. Сондықтан ол уран кенінде аз көлемде болады.

ХХ ғасырдың басында таза радий алу көп еңбекті қажет ететін. Мария Кюри кішкентай таза радий алу үшін 12 жыл еңбек еткен. Мысалы, 1 грамм таза радий алу үшін бірнеше вагон уран кені, 100 вагон көмір, 100 цистерна су мен 5 вагон әртүрлі химиялық зат керек. 

 

 

Хабарламаларға жазылу