Қазақстан Республикасы Президент Өкімімен мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Республикасы Президент Өкімімен мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар табысталды

25.12.2015
Қазақстан Республикасы Президент Өкімімен мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар табысталды

Әдебиет және өнер саласының елу қайраткері мемлекеттік стипендияның лауреаты атанды.

Стипендия алғандардың қатарында жазушылар Қастек Баянбай, Смағұл Елубаев, Табыл Құлиясов, ақындар Ертай Ашықбаев, Нұртас Исабаев, Ақсұңқар Ақынбаба, Күләш Ахметова, Надежда Лушникова, Любовь Шашкова, актерлер Берік Айтжанов, Гүлжан Әспетова, Шахарбанум Есенғұлова, композитор Елена Әбдіқалықова, әнші Сара Тыныштығұлова мен тағы басқалар бар.

Сонымен қатар, стипендиаттардың қатарында Қазақстан мәдениеті, өнері және әдебиетіне елеулі үлес қосқан дарынды жастардың өкілдері де бар. Нақтыласақ, олардың ішінде — актер Санжар Мәдиев, дирижер Қанат Омаров, хореограф Авахри Мукарам, актрисалар Әсел Мақажанова, Анастасия Воронцова.

Хабарламаларға жазылу