Оған қонақ ретінде Лондондағы Олимпиада чемпионы, «Астана арландары» клубының Бас директоры Серік Сәпиев пен Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының боксшысы Василий Левит қатысты, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Атақты спортшылар елорда балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, Қазақстанның бокс федерациясының атынан балалардың барлығына арнайы сыйлықтар тапсырды. Оларға әрине, Аяз ата мен Ақша қар көмектесті.
«Бала – елдің болашағы. Сондықтан, мен мұндай шараларға қуана-қуана қатысамын. Жаңа жылмен сыйлықтарын күтіп отырған балалардың қуанышты көздерін көрудің өзі бір бақыт. Барлықтарыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!»,-деді чемпион.
Василий Левит балаларды үлкендерді тыңдап, жақсы оқып, спортпен шұғылдануға шақырды. Балалар түрлі байқауларда бақ сынады. Олардың ең белсенділері сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ олар боксшылармен және Аяз ата мен Ақшақармен бірге естелік ретінде суретке түсті.