Елордада кәсіпкерлікті дамыту бойынша жыл бойына атқарылған істер қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кәсіпкерлікті дамыту бойынша жыл бойына атқарылған істер қорытындыланды

25.12.2015
Елордада кәсіпкерлікті дамыту бойынша жыл бойына атқарылған істер қорытындыланды

Ауқымды іс-шарада жүздеген астаналық кәсіпкерлер бас қосты.

Кездесуге Астана қаласы әкімідігінің, қалалық кәсіпкерлер Палатасының  аймақтық кеңесінің, сондай-ақ мемлекттік орган өкілдері, даму  институттарының қызметкерлері мен екінші деңгейлі банк өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және елордада кәсіпкерлікті жандандыру мен дамыту бағыттары бойынша  Палатының жыл бойғы атқарған  қызметін қорытындылап, толыққанды есеп берді.  Сондай-ақ, іс-шара аясында Елбасы Жолдауының шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған  негізгі қағидалары талқыланып, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері ортаға салынды. 

Жалпы, жыл есебі бойынша  Палата: әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлер құқығын қоғау, жобаларды қолдау, кәсіпкерлерге қаржылық емес көмек көрсету және адами капиталды дамыту сынды  бірнеше басым бағыттар бойынша ауқымды нәтижелерге қол жеткізді.

Палата сарапшыларының негізгі міндеті – әкімшілік кедергілерді жою болды. Үстіміздегі жылдың басынан, осы уақытқа дейін 27 әкімшілік кедергі анықталса: оның– 12 аймақтық,  – 15 республикалық деңгейде, жалпы есеп бойынша  - 8 аймақтық кедергі жойылды.

Жыл басынан бері кәсіпкерлерден келіп түскен шағымдардың 326 құқықтық сұрақтар болса, олардың  163-і яғни, 50 пайызы  кәсіпкерлердің пайдасына оң шешімін тапқан, деп хабарлады Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу