«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкері Құралай Омар мемлекеттік стипендия иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкері Құралай Омар мемлекеттік стипендия иегері атанды

25.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қызметкері  Құралай Омар мемлекеттік стипендия иегері атанды

Мемлекеттік стипендияға ие болған азаматтардың арасында елімізге белгілі ақын, жазушылар, аудармашылар, әдебиетшілер, театр майталмандары мен композиторлар бар. Олардың қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның қызметкері, белгілі ақын, «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты  Құралай Омар да бар.

Құралай Омар Өкімде Әдебиет қайраткерлерімен қатар аталды. Осыған байланысты «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұжымы әріптестерін осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, шығармашылығына табыс тілейді.   

 

 

Хабарламаларға жазылу