Мемлекеттік стипендияға ие болған азаматтардың арасында елімізге белгілі ақын, жазушылар, аудармашылар, әдебиетшілер, театр майталмандары мен композиторлар бар. Олардың қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның қызметкері, белгілі ақын, «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Құралай Омар да бар.
Құралай Омар Өкімде Әдебиет қайраткерлерімен қатар аталды. Осыған байланысты «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұжымы әріптестерін осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, шығармашылығына табыс тілейді.