Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

25.12.2015
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

25 желтоқсан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.  Ақмола облысында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 17-22, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25, екпіні 28 м/с, тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей аймақтарында тұман, көктайғақ болады,  жел 15-20 м/с. Қостанай облысында бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады.  Қарағанды облысында бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.

Хабарламаларға жазылу