«2016 жылғы сапарлар кестесі әлі де болса нақтылану үстінде. Дегенмен, келесі жылдың наурыз айының соңында Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит сынды ірі оқиғаның өтетіндігін айтқым келеді. Антиядролық қозғалыстың белсенді қатысушысы ретінде біздің Мемлекет басшымыз, әрине, оған шақыртылады және Барак Обама тарапынан саммитке шақырту алды», - деді Е.Ыдырысов.
Сонымен қатар, министр сәуір айында Түркияда Ислам ынтымақтастық ұйымы саммит жоспарланып отырғандығын, Ташкентте ШЫҰ, Қырғыз Республикасында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысы өтетіндігін айтты.