Бұл туралы бүгін «Адам денсаулығы институты» қоғамдық бірлестігінің директоры Дмитрий Терешкевич мәлім етті. «Бұл - Қазақстандағы, Астанадағы ең алғашқы ілкі жоба. Біз мұның одан ары да өз жалғасын тауып, халықпен жұмыс істеудегі тұрақты жобаға айналарына сеніміміз мол», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл акция екі бағытта өрбитін болады. Бірінші бағытта жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер халықтан жинап алынады. Ал, екінші бағытта сынап термометрлер электронды термометрлерге ауыстырылады. қазіргі уақытта халық жарамсыз дәрі-дәрмекті қоқыс жәшіктеріне тастай салады. Ал, бұл экологиялық нормаларға қайшы. Ал жарамсыз дәрі-дәрмекті жинайтын арнайы жәшіктер елорданың бірқатар дәріханаларына орнатылады», - деді Д.Терешкевич.