Театр ұжымы бүгін елорда тұрғындарына «Кел, танысайық!» атты кештерін ұсынбақ. Кеш Конгресс-Холл сарайында, сағат 19.00-де өтеді. Таяуда дәл осындай атаумен гострольдік сапармен ел аймақтарын аралап шыққан болатын.
«Алдағы жоспарымыз – елімізде тойланатын ірі мерекелерге арнайы бағдарламалар дайындау. Биылғы жылға төрт үлкен кеш өткізбекпіз. Сондай-ақ, көктемде тағы да гострольдік турнеге шықпақпыз», дейді актерлер.
Өнер иелерінің отбасылары туралы және театр актері Мэлс Наурызбековтың Ұлттық арна жүргізушісі Бейсен Құранбекке салған пародиясын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.