Азамат Есқұлов: Балаларым да қолдары қалт етсе театрға ұмтылып тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Есқұлов: Балаларым да қолдары қалт етсе театрға ұмтылып тұрады

24.12.2015
Азамат Есқұлов: Балаларым да қолдары қалт етсе театрға ұмтылып тұрады

«Жастар» театрының актері Азамат Есқұлов қыздарын театрға жиі әкеледі. Кішкентайларынан әкелерімен қойылымға қатысып, өздері де көрермен болып үйренген олар үшін театр екінші үйлері секілді.

«Балаларым да қолдары қалт етсе театрға ұмтылып тұрады», дейді актер.  

«Жанұямызда төрт ұл, бір қыз өстік. Әкеміз өмірден ерте өтті. Мен ұлдың кенжесімін. «Әке - балаға сыншы». Әкем үнемі «Кенже балам өнер жолына барады», деп отыратын.

Қазір өзімнің үш қызым бар. Үлкенім Ақботаның өнерге құштарлығы ерекше. Ал, 3-сынып оқитын Гүлназым мен үйдің кенжесі Әмина әзірге кішкентай. Болашақта актерлық салаға бет бұрса, қарсылығым жоқ», дейді Азамат Есқұлов. 

Хабарламаларға жазылу