Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталмыш нысанның лентасын облыс әкімі Алик Айдарбаев пен Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов қиды.
«Бүгінде біздің облысымызда 50-ден астам этнос өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүріп жатыр. Осыған қарай, біз күн сайын түрлі этностардың дәстүрлерімен, тарихымен, тілдік ерекшеліктерімен танысып, рухани құндылықтарды сақтау тәжірибесімен бөлісіп жүрміз. Осылайша, біз өзіміздің іс-тәжірибемізді кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырудамыз. Мен «Достық үйінің» ашылуы аймақтағы барлық этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау ісін нығайтуға зор үлес қосады деген сенімдемін»,-деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Ғимаратта этнобірлестік өкілдеріне арналған арнайы кабинеттер мен концерт залы, Медиация орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының музейі, жексенбілік мектептерге арналған кадинеттер, киінетін бөлме, Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі мен ҚХА-ның аясында құрылған «Жас қанат» жастар ұйымының өкілдеріне арналған бөлмелер бар.
Осы шараға жиналған халық ұлттық киімдердің көрмесін тамашалап, ұлттық этностардың тағамдарынан дәм тәтті.