Қазгидромет: Атлантикалық антициклонның салдарынан аяз бәсеңси түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Атлантикалық антициклонның салдарынан аяз бәсеңси түседі

22.12.2015
Қазгидромет: Атлантикалық антициклонның салдарынан аяз бәсеңси түседі

Қазгидрометтің хабарлауынша, 22-желтоқсан қыс мезгіліндегі күн тұрақтанатын кез. Осыған қарай, желтоқсанның 22-мен қатар 23-24-ы  аралығында жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түндері болады.

Осы күндері Атлантикадан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына жылы әрі ылғалды ауа райын алып келеді. Республиканың кейбір аймақтарында қар жауып, кейбір жерлерде бұрқасын болғанымен ауа райы айтарлықтай жылына түседі.

Тіпті, солтүстік, орталық және  шығыс өңірлерде күн жылынып, күндіз +5 +3 градусқа дейін жылы болады. Батыста және оңтүстікте күндіз 0 және + 8 градус болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да ықтимал.

Хабарламаларға жазылу