Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі апатты ғимаратта орналасқан мектептердің орнына жаңа 24 білім ошағы салынып, пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады.
Осылайша, облыстағы 46 апатты мектептің қалған 17-сі алдағы жылдары шешімін табатын болады. Сондай-ақ, үш ауысымды білім беруді жою бағдарламасы шеңберінде келер жылы 11 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.
Білім және ғылым министрінің оңтүстікке жасаған жұмыс сапары аясында «Нұрлы Жол» бағдарламасының – жаңа экономикалық саясатына және мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлайтын 10 базалық колледж қатарына кіретін Жаңа технологиялар колледжі мен Шымкенттегі үш ауысымды екі мектепте болып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жаңа секциялық 5 қабатты жатақханасының ашылуына қатысады деп жоспарлануда.