Фотожурналистерге арналған халықаралық «World Press Photo» мультимедиалық жобалар байқауына өтініштер қабылдау басталды. Қатысушылар жұмыстарын фотосуретке аудио, видео, анимация, графика, иллюстрация, дыбыс және мәтін үйлестіре отырып ұсынуы тиіс.
Байқау жаңалықтар, спорттық жаңалықтар, заманауи тақырыптар, күнделікті өмір, портреттер, табиғат, спорт және ұзақуақыттық жобалар атты 8 аталым бойынша ұйымдастырылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 жылы Нидерланд астанасы Амстердам қаласында өтеді.
Жұмыстар өткен 2015 жылдың ішінде ағылшын тілінде немесе ағылшын тілді субтитрмен жарияланған болуы тиіс. Фотобайқауға қатысу үшін 2016 жылдың 7 қаңтарына дейін, мультимедиалық жобаларға 20 қаңтарға дейін өтінім беруге болады.
Анықтама:
World Press Photo - фотожурналистердің халықаралық байқауы. World Press Photo - штаб пәтері Амстердамда орналасқан тәуелсіз, бейкоммерциялық ұйым. 1955 жылы негізі қаланған ұйым фотожурналистика саласында ірі байқауларды ұйымдастырумен айналысады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздардың жұмыстарынан жыл сайын әлемнің 40 елінен миллионнан астам адам тамашалайтын көрме ұйымдастырылады.
ijnet.org