Дәмді әрі пайдалы: қауынның емдік қасиеттері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәмді әрі пайдалы: қауынның емдік қасиеттері

20.12.2015
Дәмді әрі пайдалы: қауынның емдік қасиеттері

Қауын - асқабақ тұқымдасына жатады. Оның адам ағзасына пайдасын көпшілік біле бермейді. Назарларыңызға қауынның емдік қасиеттерін ұсынамыз!

 

  1. Қауын – төмен калориялы болып есептеледі. 100 грамм қауында небәрі 33 калория болады. Сондықтан оны сымбатына көп мән беретіндер тұтынуына болады.
  2. Қауынның іш жүргізетін қасиеті бар. Сол себепті оны ішекті токсиндерден тазартқысы келетіндер жеу керек.
  3. Бауыр және несеп жолында мәселелері бар адамдар қауын тұтынған жөн.
  4. Қауын бүйректегі құм мен тастарды шығарады.
  5. Қандағы гемоглобин деңгейін көтереді.
  6. Иммунитетті қатайтып, ағзаны вирустық аурулардан қорғайды.
  7. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
  8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
  9. Қауын шөлді қандырады.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

ФОТО: islam.kz

Хабарламаларға жазылу