Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз

20.12.2015
Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз

Бард өнерінің алғашқы қарлығашы, «алты ішектің арланы» атанған Табылды Досымовтың әндері бүгінде қазақ сахнасынан ойып орын алған. Ол өнерге тың серпін алып келді. Гитара асынған қазақ баласы 90-шы жылдары жарқ етіп шығып, сол биігінен әлі де аласармай келеді.

Ақынның сағынышқа, мұңлы сезімге, тәкаппар намысқа толы әндері көптің жүрегін жаулап алды. Жастарға патриоттық рух сыйлады. «Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Сәйгүлік», «Мен қазақпын» әндерін қалың қазақ жақсы біледі, сүйіп тыңдайды.

Ақын Рахат Қосбармақ Табылды Досымовты: «Ешкімге ұқасамайтын поэзиясымен, ешкімге ұқсамайтын сазгерлік дарынымен 1990 жылдардағы әдебиетке, өнерге келген толқынның аса айбарлы тұлғасы болды. Адамға деген адалдығы, сенімі жоғары болатын»,-деп еске алады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те «Мен – қазақпын» атты Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу