Швецияда электрлі жүк көліктеріне арналған тасжолдар салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда электрлі жүк көліктеріне арналған тасжолдар салынуда

19.12.2015
Швецияда электрлі жүк көліктеріне арналған тасжолдар салынуда

Швецияның Евлеборг провинциясында гибридті ауыр жүк көліктеріне арналған электрлендірілген тасжолдар салынуда. Жолдың алғашқы маңызды бөлігі 2016 жылдың басында пайдалануға берілмек.

Тасжолда жүретін гибридті фуралар іштен жанатын қозғалтқышпен және электрлі мотормен, сондай-ақ, ауыр көліктердің аккумуляторына  қуат беретін рекуперативті тежегішпен жабдықталған.

Жоба экологиялық мақсатта қолға алынуда: электрлі фуралар өндірістік нысандар арасында жүреді, яғни, одан экологияға келетін зиян жоғалады.

Жолдың құны шамамен ,44 миллион евроны құрайды. Оған Швецияның Мемлекеттік басқару органдары ғана емес, «Siemens», «Scania» сынды жеке компаниялар инвесторлық етуде.  

computerra.ru

Хабарламаларға жазылу