«Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атанды

19.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атанды

Айта кетейік, дауыс беру шаралары 25-қараша мен 15-желтоқсан аралығында  lubimec.kz ресми сайтында жүрді.

Дауыс беру қорытындылары бойынша, бірқатар аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында «Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атағын жеңіп алды. Осыған байланысты «Қазақстан» телеарнасының ұжымы Мейіржанды жеңісімен құттықтап, еңбегіне сәттілік тілейді.

Айта кетейік, байқауда жылдың үздік радиостанциясы аталымын «Жұлдыз FM» радиостанциясы жеңіп алды. Facebook-ті пайдаланушылар Эдуард Полетаевты жылдың үздік саясаттанушысы деп таныды.  «Жылдың үздік TV ток-шоуы» аталымын «Еуразия» телеарнасының «Ашығын айтқанда» хабары жеңіп алды. Бағдарламаның жүргізушісі Алмас Алтай. «Қоғам қайраткері» аталымында Аружан Сайн үздік шықты.

«Өзге аталымдар бойынша, біз жұрттың қызығушылығын арттыра түскіміз келеді. Өйткені, онда дауыс айырмашылықтары үлкен емес. Олардың қайсысының үздік деп танылатынын құрамында елге танымал қазақстандықтар бар әділқазылар алқасының өкілдері шешеді. Әрине, оларға да кілең мықтылардың арасынан үздіктерді таңдау оңайға соқпайтыны белгілі. Дегенмен, олардың шешімдері қалың көпшілік тарапынан күмән тудырмайды деген ойдамыз»,-деді «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Бәйтүк.

Байқаудың өз дәрежелері бойынша мықтыларын анықтау 22-қаңтар күні ел астанасында өтеді.  

 

Хабарламаларға жазылу