Ғалымдар Күн жүйесіне ең жақын өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін ғаламшарды тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Күн жүйесіне ең жақын өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін ғаламшарды тапты

19.12.2015
Ғалымдар Күн жүйесіне ең жақын өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін ғаламшарды тапты

Жаңа Оңтүстік Уелс унивеситетінің ғалымдары Күн жүйесіне ең жақын өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін ғаламшарды тапты. Ғаламшар Wolf 1061c деп аталды. Ол Жерден 14 жарық жылы қашықтықта орналасқан.

Ғаламшар Чилидегі Ла-Силья обсерваториясында орнатылған HARPS спектографының көмегімен табылған. Астрономдар бұл нысанға 10 жыл көлемінде бақылау жүргізген.

Wolf 1061c ғаламшары - Wolf 1061 жұлдызы маңында орналасқан үш экзоғаламшардың бірі. Оның көлемі Жердің көлемінен 4 есе үлкен. Ғалымдар Wolf 1061c ғаламшарының температуралық көрсеткіші судың бар болуына сәйкес келеді, дейді.

Хабарламаларға жазылу