Альберт Эйнштейннің әйгілі фотосының тарихы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альберт Эйнштейннің әйгілі фотосының тарихы қандай?

19.12.2015
Альберт Эйнштейннің әйгілі фотосының тарихы қандай?

Альберт Эйнштейннің әйгілі фотосының тарихын білесіз бе? Негізінде бұл 1951 жылдың 14 наурызында ғалымның туған күнінде түсірілген фотоның тек бір бөлігі ғана.

Суреттің түпнұсқасында әйгілі физик автокөліктің артқы орындығында доктор Франк Эйделот (Frank Aydelotte)  пен оның әйелінің ортасында отырған болатын.

«United Press International» басылымының фотографы Артур Сассе (Arthur Sasse) ғалымнан күлемсіреуін өтінеді.  Күні бойы фотографтарға күлімсіреуден ептеп шаршаған Эйнштейн кенеттен әлгі фотографқа тілін шығарады да бұрылып кетеді. Осы сәтті қалт жібермеген фотограф та бірден басып алады.

Біраз уақыт өткен соң, Эйнштейн дәл осы суреттің бірнешеуіне тапсырыс береді де, таныстарына құттықтау хат ретінде таратады.

Ал, бұл суреттің адамзат тарихындағы маңызы қандай екенін, 2009 жылы өткізілген аукционда 74 мың долларға сатылғанынан-ақ байқауға болар.

Хабарламаларға жазылу