«Кәсібі бойынша үздік – бухгалтер» байқауының жеңімпазы миллион теңгеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кәсібі бойынша үздік – бухгалтер» байқауының жеңімпазы миллион теңгеге ие болды

18.12.2015
 «Кәсібі бойынша үздік – бухгалтер» байқауының жеңімпазы миллион теңгеге ие болды

Байқауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолдауымен «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Ондағы мақсат – бухгалтер мамандығының мәртебесін көтеріп, бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау болатын.

Байқау оn-line режимінде үш ай бойы бірінші мамандандырылған әлеуметтік желі www.1ccc.kz порталында өткен болатын.

Байқауды «Профессионал» аудиторлық агенттігінің директоры Надежда Смелянец жеңіп алды және ол осы байқаудың бас жүлдесіне тағайындалған 1 миллион теңгенің иегері атанды.

Айта кетейік, Надежда Смелянец Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері бойынша консультативтік орган құрамына мүше болды. Надежда Смелянецтың үш жоғары білімі бар екенін айта кеткен жөн, деп хабарлайды еліміздің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.  

 

Хабарламаларға жазылу