Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдеріне реквизит жасаған шебер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдеріне реквизит жасаған шебер

18.12.2015
Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдеріне реквизит жасаған шебер

Шебер Секен Нұрғалиев ағаштан, теріден түрлі бұйымдар мен ат әбзелдерін жасайды. Ол кісінің қолынан шыққан ер-тоқымдар ерекше.  Ердің алдын қызыл, ақ тастармен әшекейлеген, үзеңгісінің іші темір, сырты былғарымен қапталған.

«Негізі қазақта ер тұрман адамның жеріне байланысты болады. Мысалы, қозықұйрық ер – Кіші жүздікі. Ал, айбас ер – найман ері»,-дейді шебер.

Ердің алдыңғы қасы бірнеше бөліктен тұрады. Қастың негізі оқпан екі бөлек ағаштан құралады.  Оқпанның артқы жағынан жабыстырылып, екі бетті біріктіретін тұтас ағаш желкебасар делінеді.

Секен Нұрғалиев – қазақтың тарихи фильмдерінің көбіне реквизит жасаған адам. «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Біржан сал» туындыларының кейіпкерлері қолданған кісе белдік, ертұрмандар осы кісінің қолынан шыққан.

Қазақ елінің Президентіне арнап жеті ертұрман жасаған да Секен Нұрғалиев.

Хабарламаларға жазылу