Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді

17.12.2015
Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді

Актриса, «Құрмет» орденінің иегері  Жанат Чайкина және  актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев таңғы бағдарламаға келіп, ой-пікірлерімен бөлісті.

«Кеңес одағы уақытында Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағын алғанмын. Содан бері міне, 25 жыл өткен екен. Еңбегімді елеп, «Құрмет» орденін алғаныма қуаныштымын»,-дейді Жанат Чайкина.

Марапат алғандағы әсерімен Қуандық Қыстықбаев та бөлісті. «Осы марапатпен болдық, толдық емес. Бұл керісінше, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді осы атаққа лайық болып, оны ақтау міндеті тұр»,-дейді актер.

«Биылғы жыл біздің театр үшін өте табысты болды.  Жуырда Атырау қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» деген спектакліміздің режиссері «Ең үздік режиссура» аталымын алды. Тағы бір актрисамыз «Ең үздік әйел рөлі» аталымын  иеленді. Сондай-ақ,  жуырда ғана біздің театр Мәскеу қаласына «Золотой Витязь» халықаралық фестиваліне барып, 4 аталым алып келді. Ол – үлкен жеңіс.

Тағы екі актрисамыз «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды. Халық әртісі Гүлжан Әспетова «Еңбек ардагері» атағын алды. Екі актеріміз Сырым Қашқабаев пен Жәнібек Мұсаев «Құрмет» грамотасына ие болды. Осылайша, біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді»,-дейді Жанат Чайкина.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу