Енді қостанайлықтар көліктерін тіркеу және жүргізуші куәліктерін осы жерден ала алады.
«ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуынша, енді жүргізуші куәлігін беру мен автокөлік құралдарын тіркеу уақыты екі сағаттан аспайды.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алуға, теориялық сынақ тапсыруға арналған сынып пен күту залы, медициналық байқау кабинеттері бар. Ол куәліктерді алуда немесе ауыстыру кезінде тұтынушыларға ыңғайлы болмақ.
Айта кетейік, осыған дейін мамандандырылған ХҚКО Қазақстанның 9 қаласында қолданысқа берілген.