Ляньюньган – Ұлы Жібек жолының шығыс қақпасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ляньюньган – Ұлы Жібек жолының шығыс қақпасы

14.12.2015
Ляньюньган – Ұлы Жібек жолының шығыс қақпасы

Аталмыш жоба «Қазақстанның –Жаңа Жібек жолы» мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының маңызды бөлігі саналады.

2014 жылғы шілдеде пайдалануға берілген терминалда 190 мыңнан астам контейнер өңделді. Қазақстан (Алматы қ.) Орталық Азия (Ташкент қ.), Кавказ аймағы бағдарындағы тұрақты контейнерлік теміржол бағдары түзілді.


Қонақтарға терминалдың ағымдағы өндірістік мақсаттағы жүктерді шоғырландыру мен өңделуі, бірлескен кәсіпорынның терминалдағы қызметті басқаруы мен жол бойындағы контейнерлік пойыздың жүріс-тұрысын автоматты түрдегі мониторингілік басқару жұмыстары көрсетілді.


ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов сапар қорытындысында Ляньюньган қаласынан Дуйсбургке бағытталған (ГФР) ҚР, РФ, БР аумағымен өтетін алғашқы контейнерлік пойызын аттандыруға пәрмен берді.

Хабарламаларға жазылу