Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық 2-ші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық 2-ші орын алды

14.12.2015
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық 2-ші орын алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы Грозныйда (Шешенстан, Ресей) өткен РФ Президенті Кубогында жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды.  

Қазақстандық зілтеміршілер 5 медаль ұтып алды. Оның біреуі алтын және төртеуі күміс жүлде. Ал, командалық бәсекеде 1-ші орынды жарыс қожайындары Ресей құрамасы жеңіп алды. Олардың қоржынында үш алтын мен бір қола медаль бар. Үздік командалар үштігін АҚШ құрамасы түйіндеді.

Еске сала кетейік, 105 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин екі әлемдік рекорд орнатып, жарыс жеңімпазы атанды. Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір отандасымыз Александр Зайчиков күміс жүлде иеленді.

Сонымен қатар, күміс медальды Денис Уланов (94 келі), Светлана Подобедова (75 келі) мен Александра Аборнева (75 келіден жоғары) жеңіп алған еді.

Хабарламаларға жазылу