Сағыздың пайда болу тарихын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағыздың пайда болу тарихын білесіз бе?

13.12.2015
Сағыздың пайда болу тарихын білесіз бе?

Дүниежүзінде сағызға ұқсас заттар барлық елде кездеседі. Мысалға, сібірліктер ауыз-қуысын тазалау үшін балқарағай шайырын пайдаланса, грекиялықтар зәйтүн шайырын қызыл иекті қатайтуға  және тіс пастасы ретінде қолданған.

Джон Кертис  1848 жылы Бангор қаласында сағыз шығаратын  зауыт ашқан. Тұңғыш шығарылған сағыз өнімдерінің   «қантпен қаймақ» немесе «ақ тау» деген атаулары болған. Алайда, сол кезде сатып алушылар бұл жаңашылдықты бағалай алмағандықтан, зауыт өз жұмысын тоқтатқан. Жаңа сағыз түрін алғаш 1869 жылы  Огайо  штатының тіс дәрігері Уильям Финли Сэмплиз патенттеген. Бірақ, Уильям бұл өндірісті дамыта алмаған. Сағыздың жаңа түрі 1928 жылы пайда болған.

Сағыз құрамы 60 пайыз қанттан, 20 пайыз каучуктен және 1 пайызы хош иістендіргіштерден, 19 пайызы қант шырынынан тұруы тиіс. Бүгінде каучуктің орнына синтентикалық резеңкелер қолданылады және түрлі химиялық заттар қосылады.

Енді, дүниежүзі  елдеріндегі  сағыз тарихына қатысты қызықты деректерге тоқталсақ:

  • 23 қыркүйек Сағыз күні болып есептеледі. Себебі Джон Кертис осы күні бірінші сағызын жасаған.
  • Англияда қоғамдық орындарда жерге тасталған немесе жабыстырылған сағыз үшін қамауға алады.
  • Сингапур елінде кез келген адамға көшеде сағыз шайнауға тыйым салынады. Егер, көшеде ауызында сағызы бар адам жүрсе үлкен көлемде айыппұл төлейді.
  • Калифорния билігі сағыз шайнау дертімен күресу үшін ерекше әдіс ойлап тапқан. Сан-Луис-Обиспо қаласында арнайы сағызды жапсыруға арналған қабырға бар. Ол қабырға қаланың көрікті жерлерінің бірі болып қалыптасқан.
  • 1994 жылы Сьюзан Мантгомери диаметрі  58,5 сантиметр болатын сағыз көпіршігін үрлеген. Бұл оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Хабарламаларға жазылу