1. Алғашқы мобильді ойын 1994 жылы шыққан. Бұл - тетристің бір түрі еді. Мұндай ойын Hagenuk MT-2000 телефонына орнатылған.
2. 1997 жылы Nokia атақты «Жылан» ойынының алғашқы нұсқасын шығарып, Nokia 6110 моделіне орнатқан. Бұдан кейін ойын 400 миллион телефонда пайда болған. Осылайша, «Жылан» - әлемдегі ең танымал ойынға айналды.
3. Rovio жасақтаушылары шығарған «Angry Birds» - телефонға арналған әлемдегі әйгілі ақылы ойын болып есептеледі. Алғашқы нұсқасы 2009 жылдың желтоқсан айында Apple үшін әзірленген.
4. Америкалық PopCap Games компаниясы жүргізген зерттеуде анықталғандай, 2012 жылы Ұлыбритания мен АҚШ-тағы смартфон және планшет қолданушыларының 59 пайызы кем дегенде 1 ойын ойнайтын болған. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 13 пайызға өскен.
5. Австрияның ойыншылар тобы 2011 жылы әлемдік рекорд орнатқан. Олар үзіліссіз 24 сағат 10 минут бойы мобильді ойын ойнаған.
Интернет материалдары бойынша әзірленді.