Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.
105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.
Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.