Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

13.12.2015
Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Шара нәтижесінде 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Командалар келесі топтарда ойнайды:

А тобы:

1. Франция

2. Румыния

3. Албания

4. Швейцария

 

В тобы:

1. Англия

2. Ресей

3. Уэльс

4. Словакия

 

С тобы:

1. Германия

2. Украина

3. Польша

4. Солтүстік Ирландия

 

D тобы:

1. Испания

2. Чехия

3. Түркия

4. Хорватия

 

Е тобы:

1. Бельгия

2. Италия

3. Ирландия Республикасы

4. Швеция

 

F тобы:

1. Португалия

2. Исландия

3. Австрия

4. Венгрия

Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Ал, ертең жеребе тарту рәсімінің трансляциясы сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие.

Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі. Аталмыш 15 фильмнің үшеуі – Корпорацияның өз өнімі болады.

Хабарламаларға жазылу