Бүгін Шешенстан республикасының Грозный қаласында ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогы басталады. Турнир 11-14 желтоқсан аралығында өтпек.
Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысады.
Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Спортшылар 5 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласатын болады. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түседі.
Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы бүгін сағат 17:00-де 75 келідегі қыздар арасындағы және сағат 21:35-те ерлер арасындағы 105 келі салмақтағы бәсекені тікелей эфирде көрсетеді.
Турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:
Ерлер:
94 келі: Ермек Өміртай, Денис Уланов, Рүстем Сыбай және Семен Линдер.
105 келі: Илья Ильин және Александр Зайчиков.
105 келіден жоғары: Дмитрий Каплин, Селимхан Абубакаров және Ибрагим Берсанов.
Қыздар:
75 келі: Светлана Подобедова және Әсем Садықова.
75 келіден жоғары: Александра Аборнева.