«Ас болсында» - неміс асханасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ас болсында» - неміс асханасы

12.12.2015
«Ас болсында» - неміс асханасы

Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын немістердің дәстүрлі асына – ет тағамдарын және сан түрлі тоқаштар әзірлеу тән.  Еттен шницель, гамбургше филе, разбрат, шморбратен, шнельклопс және түрлі шұжықтар жасағанды жандары сүйеді.  

Мереке күндері шошқа етінен дайындалған ас мәзірі немесе қырыққабат бұқтырылып салынған қаз немесе тауық әзірлейді. Немістер мұндай қырыққабаттың емдік қасиеті бар деп санайды.

Бір уақытта екі тағамды алмастыратын түстік ас: ет, ысталған тағамдар, шұжық қосылған қою көже – айнтопф неміс асханасына тән ерекшелік. Немістер сусындардың ішінен кофені сүйіп ішеді.

Сіз неміс халқының қандай тағамын әзірлей аласыз? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:35-те «Ас болсын!» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу