Байқауға барлығы 245 мың мектеп оқушысы қатысып, 80-ге жуығы үздік атанды. Бірегей жоба мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді көздейді.
Байқаудың шарты бойынша оған тек өзге ұлт өкілдері ғана қатыса алады. Олар «Шешендік өнер», «Кемеңгер», «Ынтымағы жарасқан туған өлке» аталымдары бойынша ерекшеленіп, арнайы дипломдарға ие болды.