«Келесі айда Қытайда жекпе -жек өтеді. Бұйырса,10-15 күн ішінде барлық мәселелер шешіледі. Бокс кешін ұйымдастыруды желтоқсан айында жоспарладық, бірақ, кейбір себептермен процес кешіктірілді», - дейді Қанат Ислам.
Сондай-ақ, Қанат Ислам Қазақстанда жекпе-жек өткізу ойда бар екенін айтады.
«Алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Сол чемпиондық белбеуге дейін Қазақстанда бір жекпе-жек өткізуім мүмкін. Бірақ, ол келесі жылдың екінші жартысында болады», - деді боксшы.