Н.Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етті

11.12.2015
Н.Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етті

Сонымен, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының «Ең үздік индустриялық жоба» аталымында Павлодар облысының «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС лауреат атанып, кәсіпорынның президенті Владимир Ким Елбасының қолынан "Алтын сапа" сыйлығын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, Президенттік арнаулы «Алтын сапа» сыйлығы аясындағы «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша Алматы қаласындағы «Элтекс Алатау» ЖШС топ жарып, «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Компания телекоммуникациялық және желілік құрылғыларды, сондай-ақ сәйкес бағдарламаларды шығарады. Өз өнімдерін Түркіменстанға экспорттайды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» сыйлығының Гран-приі «Самрұқ Энерго» акционерлік қоғамына тапсырылды. Компанияның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев ҚР  Президенті Н.Назарбаевтың қолынан «Парыз» сыйлығын алды. Бұл компания демеушілік және қайырымдылық мақсатта жалпы көлемі 1 млрд. 171 млн. теңге болатын жобаларды қаржыландырған. Мыңдаған ағаш түрлерін отырғызып, экологиялық ортаны жақсартуға өз үлесін қосқан.

 

 

Хабарламаларға жазылу