Илья Ильин ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына қатысады

10.12.2015
Илья Ильин ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына қатысады

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысады. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Спортшылар 5 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласатын болады. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түседі.

Турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:

Ерлер:

94 келі: Ермек Өміртай, Денис Уланов, Рүстем Сыбай және Семен Линдер.

105 келі: Илья Ильин және Александр Зайчиков.

105 келіден жоғары: Дмитрий Каплин, Селимхан Абубакаров және Ибрагим Берсанов.

Қыздар:

75 келі: Светлана Подобедова және Әсем Садықова.

75 келіден жоғары: Александра Аборнева.

Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы 12 желтоқсан күні сағат 17:00-де 75 келідегі қыздар арасындағы және сағат 23:35-те ерлер арасындағы 105 келі салмақтағы бәсекені тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу