14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтізіледі. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 12 команда қатысады.
Жарыс соңында «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. Жүлде қоры: 1-орынға - жеңіл автокөлік. 2, 3-орындарға ақшалай сыйақы беріледі.