Forbes жылдың ең көп ақы төленетін музыканттарын атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Forbes жылдың ең көп ақы төленетін музыканттарын атады

09.12.2015
Forbes жылдың ең көп ақы төленетін музыканттарын атады

Басылымның хабарлауынша, жыл бойына аталмыш әртіс өзінің Prismatic World Tour турының аясында бүкіл әлем бойынша 126 концерт өткізген және әрбір көрсетілімнен 2 миллион доллардан кіріс көріп отырған. Бұған қоса, ол өте тиімді бірнеше жарнамалық келісім-шарт жасап, олар да әртістің қоржынына қомақты қаржы түсірген.   

«Музыка өзгерді. Ән жазып, альбом шығару біздің жұмысымыздың тек бір бөлігі ғана болып қалды»,-деп сұхбат береді әртіс Forbes журналына.   

Дәулетті әртістердің арасында Кэти Перриден кейінгі екінші орында  британиялық One Direction поп-тобы тұр. Олардың жылдық кірісі 130 миллион доллар. Ал, үшінші орынға американдық кантри-орындаушы Гарт Брукс жайғасқан. Бір жыл ішінде ол оның тапқан кірісі 90 миллион долларды құрап отыр.  

Хабарламаларға жазылу