Астаналық 72 жас отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық 72 жас отбасы баспаналы болды

09.12.2015
Астаналық 72 жас отбасы баспаналы болды

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков баспана алған 72 жас отбасын құттықтады. Елорда әкімдігінде «Өңірлерді дамыту- 2020» бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілтін табыс ету салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қала басшысы отбасыларды осынау атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері жұмыстың басты басымдығы екенің және толық көлемде орындалатынын атап өтті.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы пәтер кілтіне ие болуда. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты тікелей Президенттің тапсырмасымен әзірленді. Мемлекет бұл мәселеге әрқашан көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Сіздерді бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа қоныстарыңыз береке мен қуанышқа тола берсін!» - деді Ә. Жақсыбеков.

Соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар бойынша 4,5 астаналық баспаналы болды. 2014 жылы елордада жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағыты бойынша 672 пәтер бөлінді. Бүгінде 211 отбасы үйлеріне көшсе, 72 отбасы Астана қ., С 409 көше, 43 үй, 45, 47 мекенжайында орналасқан «Сарыбұлақ өзенінің бойында Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай» пайдалануға берілген тұрғын үй кешеніне қоныстанады.

Жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының алдағы отырысында (пәтерлерді Тұрғын үй басқармасында тіркеу процедурасы аяқталады) үлестірілетін болады.

Жалпы, «Өңірлерді дамыту- 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй өткізудің негізгі бес бағыты қарастырылған, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы да бар. Аталған жоба аясында 3 500 отбасы жаңа үйлерге көшірілмек.

Хабарламаларға жазылу