Ұлттық холдингтерді қайта құрумен байланысты ұсыныстар 2017 жылдың шілде айына дайын болады- Үкімет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық холдингтерді қайта құрумен байланысты ұсыныстар 2017 жылдың шілде айына дайын болады- Үкімет

09.12.2015
Ұлттық холдингтерді қайта құрумен байланысты ұсыныстар 2017 жылдың шілде айына дайын болады- Үкімет

Бұны Үкіметтің мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.  

«2016-2018 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы трансформацияланатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасының негізінде 2017 жылдың шілде айына дейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ұйымдарын олардың активтері бәсекеге қабілетті ортаға берілген соң шағын, жинақы холдингтерге айналдыру бойынша  ұсыныстар енгізілетін болады»,-деп мәлімдеді министр.   

Бұған қоса, ола мүлікті заңдастыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатындығын атап өтті. 2016 жылдың мамыр айында арнайы жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелері бойынша, мүлікті заңдастыру мен оған қатысушылардың кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.   

  

 

 

Хабарламаларға жазылу