«Төртінші сыныптан бастап А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп интернатының композиция класында оқыдым.
Ән жазу үшін әншінің тембрін, талғамын білуің керек. Соңғы екі жылда ән қоржыныма өзім жазған бес әнді қостым», дейді әнші.
«2000 жылғы «Жас қанат» байқауына Бейбіт Қорған менің «Кім ол» атты әніммен шықты. 2001 жылы «Азия дауысының» «Қазақстан әндері» фестивалінде «Маған арман» әнін орындады. Осы әндерді әншінің бағын жаққан әндер деп айта алар едім».
Өнер иесі алдағы уақытта тыңдармандарына Абдрахман Асылбектің сөзіне жазылған «Жаным-ау, әнім-ау» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.
Толығырақ «Таңшолпанда».