2015 жылғы 7 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілген болатын. Түрлі құрлықтар мен өңірлік топтарды өкілдік еткен 35 мемлекет, тиісті қарардың тең авторы болды.
Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау туралы бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы сәуір айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі бірінші саммиттің барысында ұсынған болатын.
Биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Елбасы өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберіндегі жалпы пікірталасындағы сөйлеген сөзінде «ядролық қарусыз әлем құруды ХХІ ғасырдағы адамзаттың ең басты мақсатын жасауға» шақырып, Жалпыға бірдей декларация қабылдау қажеттілігін атап өтті.
ҚР Сыртқы істер министрлігі 2010-2015 жылдар арасында бүкіл мүдделі тараптармен Жалпыға бірдей декларацияның мәтінін жетілдіру және келісу жөніндегі егжей-тегжейлі жұмысты атқарған еді. Оның соңғы нұсқасы тек қана 2015 жылы қазан-қараша айларында БҰҰ Бас Ассамблеясы Бірінші комитетінің жұмысы барысында келісілді.
Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға бірдей декларация:
- Ядролық қаруды қолданудан немесе оны қолданудың қауіпінен тек жалғыз абсолюттік кепілдік ретінде ядролық қаруды толығымен жоюға;
- Ядролық қаруды толығымен жоюды қарастыратын көпжақты, заң күші бар құжатты қабылдауға;
- Ядролық қаруды жетілдірудегі және техникалық қызмет көрсетудегі жұмыста қолданылатын адами және экономикалық ресурстарды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға, тұрақты дамуға және миллиондаған адамдарды аш-жалаңаштықтан сақтауға бағыттауға;
- Ядролық қарудың кез келген қолдануының гуманитарлық апатты нәтижелерге әкеліп соғатынын ескере отырып, Халықаралық құқық, сондай-ақ, халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін сақтауға шақырады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарды қабылдағаны Президент Н. Назарбаевтың тәуелсіз сыртқы саяси бағдарының дәлелі және оның әлемдегі оң әсерінің растауы болды.
Осындай көкейкесті құжаттың бекітілуі Елбасының биылғы жылдың қыркүйек айында атап өткен 2045 жылға дейін Ядролық қарудан азат әлемді құруға бағыттылған көзқарасын халықаралық қауымдастығы мойындап, оған толық қолдау көрсетілуін куәландырады.
Ақыры, бұл 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесінен Қазақстанның Президенті ұсынған Әлемдік антиядролық қозғалысын қалыптастыру жолындағы кезекті қадам, деп жазады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.