Таңның атысы мен кештің батысында Павлодар көшелерінде көлік өте көп. Өткен жылы облыс әкімі Қанат Бозымбаев көшеде газельдер болмасын деп тапсырма берген. Жыл соңына дейін бір де бір газель көлігі қалмайды», - деді Б.Бақауов.
Сондай-ақ, қала әкімі әр дүйсенбі сайын қоғамдық көлікпен жүретінін де сөз етті. «Қоғамдық көліктердің бағытын 11-қаңтардан бастап өзгертуге ұсыныс түсті. Бірақ, бұл істі жаңа жылдың жаңа күнінен бастауды жөн санап отырмыз. Өз басым әр дүйсенбі сайын автобустармен жүруге тырысамын», - деп атап Б. Бақауов.