Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады

08.12.2015
Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің көлік саласының әлеуетін дамыту мәселесі талқыланады

Жиын 2015 жылдың 9 желтоқсанына жоспарланған. Шараны елордадағы Бейжің сарайында Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, «Темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырады.

Конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан арқылы өтетін транзиттік-көлік ағынын арттырудың тиімді құралы ретінде заманға сай логистикалық технологияларды қолданудағы кедергілерді анықтау, ғылыми-тәжірибелік қызметте тәжірибе алмасу,  ТМД мен шет мемлекеттердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының арасындағы байланыстарды нығайту.   

Осыған қарай, конференцияға еліміз бен ТМД мемлекеттерінің  көлік саласындағы мемлекеттік құрылымдарының, ғылыми-зерттеу және ғылыми-жобалау  институттарының  өкілдері қатысады деп күтілуде.  Сондай-ақ, жиынға халықаралық тәуелсіз сарапшылар да қатысады.

Хабарламаларға жазылу