Гүл көктем шақта мына,
Сезім сыр ақтарыла
Ғашықтық жырын өремін.
Өзіңді сағынған соң,
Күлім көз қарындасым
Алыстан іздеп келемін.
Жанарыма нұр тұнып,
Бар дүние құлпырып
Әлемге ғажап енемін.
Риясыз ізгі арманым,
Даланың қызғалдағын
Бір саған арнап теремін.
Қайырмасы:
Гүлдей, гүлдей, гүлдей көркемім,
Жүрегімде сенің ерке үнің.
Қуанышым, асқақ әнім сен, сен, сен,
Желбіреткен сезім желкенін.
Көз ілмей таң атырған,
Арманның қанатында
Көңілге әсем күй тұнды.
Шырайлы нұр сәтте мен,
Асығып,аңсап келем
Әдемі сыңғыр күлкіңді.
Гүл болып жаңа ашылған,
Мөп-мөлдір кең асыл жан
Сен мендік мәңгі сенемін.
Сағыныш сазыменен,
Жүрекке жазып өлең
Құс болып ұшып келемін.
Қайырмасы:
Гүлдей, гүлдей, гүлдей көркемім,
Жүрегімде сенің ерке үнің.
Қуанышым, асқақ әнім сен, сен, сен,
Желбіреткен сезім желкенін.