Астанада мемлекеттік басқару саласында зерттеу әлеуетін жетілдіру бойынша семинар өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік басқару саласында зерттеу әлеуетін жетілдіру бойынша семинар өтіп жатыр

07.12.2015
Астанада мемлекеттік басқару саласында зерттеу әлеуетін жетілдіру бойынша семинар өтіп жатыр

7-9 желтоқсан аралығында  Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа қатысушы елдердің зерттеу әлеуетін жетілдіру бойынша семинар өтуде.  Аталмыш шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Аймақтағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында зерттеу әлеуетін жетілдіру бойынша семинар алғаш рет өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – хабқа қатысушы елдердің осы саладағы сарапшылары мен зерттеушілері үшін мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында заманауи, озық үрдістерін зерделеу, бірлесіп жұмыс жасау үшін аймақта зерттеушілер желісін дамыту.

Семинар аймақ елдерінің мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет зерттеу мектебінің дамуына үлес қосады.

Семинардың ашылу салтанатына Астанадағы мемлекеттік қызмет салсындағы өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдрасилов және БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел қатысуда.

Шараға Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Босния және Герцеговинаны қосқанда 14 елден 40-тан астам озық сарапшылар қатысып отыр. 

Семинар барысында қатысушыларға практикалық жаттығулар ұсынылады, семинарда алған білімді пайдалана отырып, интерактивтік топтар зерттеу жобаларын әзірлеп, нәтижелерін ұсынады.

 

Хабарламаларға жазылу