ҚР қазақ күресі федерациясының І Кубогы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР қазақ күресі федерациясының І Кубогы аяқталды

07.12.2015
ҚР қазақ күресі федерациясының І Кубогы аяқталды

Клубтық командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің барлық аймағынан 16 клубтық команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жүлде қоры 20 млн. теңгені құраған қазақ күресінің аламанын өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсеткенін ерекше атап өтеміз.

Жарысқа қатысушылар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және + 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті.

Кубоктың алғашқы күнінде 14 команда күш сынасса, олардың арасынан Жамбыл және Қызылорда облысының қазақ күресі клубтарына финалдық кезеңге іріктеусіз жолдама берілді. Алғашқы күнгі іріктеу сындарынан 6 команда сұрыпталды.
 
Жарыс қорытындысына байланысты 1-орынды жеңіп алған  Семей мемлекеттік медицина университеті - 10 000 000 теңге, екінші орынға табан тіреген Қызылорда облысы, «Алаш арландары» клубы – 5 000 000 теңге, үшінші орынға қол жеткуізген Алматы қаласының жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері - 2 000 000 теңгені алды.

Жарысқа қатысушы өзге командалар 400 мың мен 800 мың теңге аралығындағы жүлделерді өзара бөлісіп алды, деп хабарлады «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі. 

Кубокты Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ұйымдастырды.

Хабарламаларға жазылу